Т.Масин атындағы орта мектепте де оқу жасындағы балалардың сабаққа толық тартылуын қамтамасыз ету бағытындағы «Мектепке жол» акциясының іс-шаралар жоспары жүзеге асырылды. Акцияға үн қосқан ауыл кәсіпкерлері Т.Каукешев пен Ұ.Саматова аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына киім-кешек, оқу-құрал, мектеп сумкаларын тегін таратса, мектебіміздің директоры А.Дінислямовтың өзі 20000 теңге берді, ұжымымыздың өзге мүшелері де бұл істен шет қалмады.
Гүлназ ҚҰБИЕВА,
әлеуметтік педагог.