25.10.2017, 12:08
Қараулар: 407
Елдің ыстық сәлемі

Елдің ыстық сәлемі

а-612

Кезінде Бөкей ордасы ауданының әкімі қызметін атқарған Ғабдірашид Карменовтің 70 жасқа толуына орай, құрамында қаладағы бөкейлік ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқас Спандияров, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, мәдениет, тілдерді дамтыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев бар  бір топ бөкейліктер қадірлі қарияның Орал қаласындағы шаңырағына бас сұғып, мерейлі жасымен құттықтады.

Ұялы ауылында дүние есігін ашып, облыстық деңгейде лауазымды қызметімен ел-жұртының ілтипатына бөленген Ғабдірашид Карменұлын жерлестер жетпістің желкенін есер шағына келген айтулы туған күнімен қызу құттықтап, иығына шапан жапса, зайыбы Сара апайға «Орамал тон болмайды, жол болады» деген ниетпен жаулық тарту етті.

Бөкейліктерді еңбекқор халық деп бағалайтын қадірменді қария олар жайлы: «Отбасында үш бала болатын болса, олардың біреуі қой, біреуі сиыр бағып, енді бірі міндетті түрде жеке дүкен ашып алады»,-деп жылы ілтипатын білдіріп жүретіні де ел аузында. Еңбек жолын Ұялы кеңшарында зоотехник болып бастаған Ғ.Карменов «Жаңақала» қой кеңшарында бас зоотехник, аудандық ауылшаруашылық басқармасының орынбасары, кейін кеңес органдарында қызмет етіп, облыс мәслихатының депутаты да болған екен.

Елдің ыстық сәлемін жеткізген бөкейліктер ақсақалдың шаңырағынан дәм ауыз тиді.

Г.ТҰРСЫНТЕГІ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар