28.11.2017, 12:52
Қараулар: 719
Соттағы дөңгелек үстел

Соттағы дөңгелек үстел

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президенті күніне орай аудандық сотта дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық прокуратураның прокуроры Нұрат Саматов, Сайқын ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиев,  кәсіпқой емес медиатор Гүлнар Мұқанова және өзге де шақырулы адамдар қатысты.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Зияш Зайноллина ашып, жүргізген жиында Нұрат Саматов Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы турасында келелі ой қозғады. Ал, З.Зайноллина сот қызметінің беделін көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, «Медиация» туралы да сөз сабақтаса, аудандық кітапхана қызметкері Л.Мырзагерееваның тақырыпқа сай жасаған баяндамасында да біраз жайлар айтылды.

Тұрсын ТЕК.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар