5.12.2017, 10:40
Қараулар: 517
Тартымды өткен апталық

Тартымды өткен апталық

Аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жылдық жоспарына сай жақында «Ашық есік» апталығы оздырылды. Ондағы дефектолог Ұ.Хасенованың «Санды тануға арналған ойындар», психолог Ш.Мұхтарованың «Оқушылардың танымдық процестерін дамыту», емдік дене шынықтыру мұғалімі Қ.Әбдірешевтің «Қимыл-қозғалыс ойындары», әлеуметтік педагог З.Әбілованың «Тазалық – денсаулық кепілі», логопед А.Бисембаеваның «Көліктің түрлері», «Ш» дыбысы», тәрбиеші Д.Омарғалиеваның «Құстар – біздің досымыз», ерте жастағыларды түзеу мұғалімі Д.Қитешеваның «Менің отбасым», «Үшбұрыш» жеке сабақтары тәрбиеленушілерді тартымдылығымен қызықтырды. Балалардың мүмкіндіктеріне қарай мамандар құм және музыка терапиясын, дамыту кітапшаларын, бейнероликтер мен электронды тапсырмаларды, сергіту сәттерін шараға арқау етіп, балалар қызығушылығын тудыруға тырысты.

Бұл апталықтан сырт қалмаған ата-аналар бүлдіршіндерге көрсетіліп жатқан көмектері үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Данагүл  ФАЙЗОЛЛАҚЫЗЫ.