9.01.2018, 18:09
Қараулар: 409
«Су жүрген жер береке…»

«Су жүрген жер береке…»

Абай атамыз өз қара сөзінде «адам баласы туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деген тәннің құмары болса, екіншісі – білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып,.. жақсыға ұмтылатын жан құмары» деп айшықтаған еді. Иә, адам бір нәрсегеден қойса, оның бойынан оған жетелейтін жігер де, өзге қажеттісі де табылады. Өткенге көз жүгіртсек, күні кешеге дейін отын отып, су тасып жүруші едік. Бүгінде тұрғындардың жағдайы мүлде өзгеше. Көгілдір отынның игілігін көріп отырғанғандар аз емес. Енді, міне, Сайқын ауылындағы су құбырын қайта құру жұмыстары аяқталып, «Ақ бұлақ» бағдарламасы негізінде ауыз су да тұрғын үйлерге жеткізілді.

Екі жылға жоспарланған ауқымды істі (құны 396 млн.827 мың теңгені құрайды) не бары тоғыз айда тамамдаған «АльфаСервисСтрой» ЖШС-нің деректоры Ильдар Жанатаевқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыстаған аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ендігі мақсат баспана мәселесін шешу екендігін жасырмады. «Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке» деген ауыл үлкендері өз ризашылығын білдіріп жатса, ақжаулықтыларымыз шашу шашып, ақ ұсынды.

Раушан БАҚЫТОВА.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар