7.02.2018, 10:22
Қараулар: 714
Диірмен тартудың қыр-сыры

Диірмен тартудың қыр-сыры

????????????????????????????????????

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат еткен маңызды жобалар дүниеге келіп, жүзеге асырылып жатыр. Солардың біразы экономиканы, әлеуметтік және саяси салаларды дамытуға негізделсе, «Рухани жаңғыру» тұтас бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, болмысын, салт-дәстүрін жаңғыртпақ. Осы ниетте ауыл жастарымен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы Гауһар Сәрсенғалиеваның ұйымдастыруымен Бөкей ордасы тарихи мұражай кешенінде Аққоян әже Мұсағалиева қыз-келіншектерге диірмен тартудың қыр-сыры туралы әңгіме өрбітті. Шара барысында ол кісіге көптеген сұрақтар қойылып, тың мәліметтер алудың мүмкіндігі туды. Әжеміз диірменін тарта отырып: «Бұл әртүрлі дақылдарды: арпа, күріш, тары мен құмаршықты да майдалауға арналған, ертеден келе жатқан қондырғы. Бұрынғы уақытта ұн сатылмайтындықтан бидайды қолдан тартып, нан пісірген. Бұл көне диірмен әке-шешемнен қалған дүние» деген кейуана әңгіме арасында «Қыздарым, осындай көне дүниелерді тастамай, әрдайым қолданып, үйреніп, сақтай біліңдер»,-деп ақыл айтты.

Жасыратыны жоқ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазіргі жас буын қыз-келіншектер ескіні жаңғыртуды қолға алды. Келешек ұрпақ арасында да осындай игі іс жалғасса, ұлттық құндылықтарымыздың ұлықталары сөзсіз.

Алмагүл ЗАБЕСОВА,

тарихи-мұражай кешенінің қызметкері.

Хан ордасы ауылы.