25.03.2018, 17:43
Қараулар: 560
Ғарыштық көрме-байқау өтті

Ғарыштық көрме-байқау өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы азамат» базалық бағыты «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» жобасы аясында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық көрме-байқау өтті. Оған аталмыш байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздары қатысқан болатын. Нәтижесінде Дастан Сатуов пен Мақсат Әбдіғалиев (жетекшісі Ә.Махимов) «Зымырандық техника, инфрақұрылым және экология» секциясы бойынша І орынды жеңіп алып, ауданымыздың абыройын асқақтатты. Енді олар сәуір айында Байқоңыр қаласында оздырылатын халықаралық жарыста бақтарын сынамақшы.
Жолдарың болсын, жас техниктер!

Миржан САБЫРОВ,
АБТШО директорының орынбасары.