30.10.2020, 12:08
Қараулар: 427
 » 
ҰЛПАН «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫНА» ИЕ БОЛДЫ

ҰЛПАН «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫНА» ИЕ БОЛДЫ

 

 

Бөрлі ауылының түлегі Ұлпан Шапенова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды. Ұлпан маңызы зор бұл марапатқа пандемия кезіндегі ерен еңбегі үшін ие болды.

Еңбегін елбасымыз елеген Ұлпанымыз Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы. Қызметте білікті маман болса, жанұясында ұл мен қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана, сүйікті жар. Еңбегімен ел атын шығарған Ұлпан Серікқызына еңбегің әр кез елеулі, мерейің үстем болсын дейміз.

Ұлпан ЖАКИНА

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ