

Кеш соңы аудан өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласып, жиналғандарға тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтар жайынан ой саларлық көрініс те қойылды.
Аудандық оркестір қоңыр сазды қазақтың күйлерін төгілтсе, кішкентай бишілер қимылы көрген жанды сүйсінтті.
Қос домбыраның құлағында еркін ойнаған Ерлан Сертеков талайдың таңдайын қақтырса, Милат Насыров пен Самал Рахымжанова қосылып шырқағанда әсем әннің сазы жанға жылылық шапағын тарту етті.