9.09.2019, 14:45
Қараулар: 1072
МАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

МАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

 

Аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов Бөрлі ауылдық округіне қарасты малды ауылдарды аралап, шаруа қожалықтар жетекшілерімен жүздесіп, қысқы мал азығының дайындалу барысымен танысты.

Руслан Сисенғалиевтің шаруа қожалығында болып, шөп шабу науқаны барысын сұрастырып, қожалық иелері, жұмысшылармен тілдесті.

– Қазір жұмыс жоқ деуші көп. Бірақ шаруа қожалық жетекшілері жұмысшы таба алмаймыз. Жұмыс жоқ емес, жұмыс жасауға ниеті жоқтар көбейіп тұр. Аудан бойынша қой басы кеміп барады деп жатырмыз. Амал жоқтықтан қойды азайтып, тіпті жойып отырмыз. Өйткені, ешкім қой артынан жүргісі жоқ, -деп Исатай Сисенғалиев түйткілді мәселені тілге тиек етті.

Қошқар елді мекеніндегі «Игнат» шаруа қожалығының жетекшісі Игнат Исағалиевтің күні кеше заманауи қос бірдей «Джон Дир»  тракторын айдап келген еді. Қожалық жетекшісі  «Джон Дирдің» шөп шабу қарқынын көрсетті.

Куйбышев елді мекеніндегі «Е.Зинешов» шаруа қожалығының жетекшісі Ержан Зинешов екі мың рулондай шөп жиналғанын айтты.

– Биылғы шөп шығымы жақсы. Үкіметтен берілетін субсидиясы – үлкен қолдау. Ерінбеген адамға жағдай жақсы. Жаз шықсымен қыстың қамын ойлап, атқа қондық. Былтырғы қыс талайымызға сабақ болды. сондықтан да, жаздың әр күнін пайдаға асыруға тырысып бағып жатырмыз, -дейді.

Смағұл елді мекеніндегі «Жаннат» ШҚ жетекшісі Мирболат Мұсағалиевтің айтары осы. «Жаздың бір күні қыстың үш айына азық қой» деп бел жазбастан еңбек етіп жатыр.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар