28.11.2017, 10:47
Қараулар: 467
Жәңгірхандық Нұрғанымның жеңісі

Жәңгірхандық Нұрғанымның жеңісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңашыл сынып жетекшілерін анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатында  аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Нарболованың ұйымдастыруымен М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Сынып жетекшісі – 2017» байқауы оздырылып, оған аудан мектептерінен 11 мұғалім қатысты.

Аталмыш байқау екі бөлімнен тұрды. Біріншісі, ашық тәрбие сағатының фрагментін көрсету болса, екіншісінде, қатысушылар «Сынып жетекші өмірінен бір күн» тақырыбында ізденіс жұмыстарын көрсетті. «Менің сыныбым өзгеше» жарнамалық презентация кезінде олар тақырыпқа сай сыныптағы тәрбие жұмысының ең басты бағыттарын, сынып дәстүрлерін, ерекшеліктерін жария етті. Ал, «Сынып жетекші қобдишасы» атты сырттай байқауда сайыскерлер ата-аналармен жұмыстың жаңаша түрлерін шығарды.

Шара соңында бас жүлде жәңгірхандық  Нұрғаным Мұқашеваға (8-сынып жетекшісі) бұйырып, облыстық кезеңге жолдама алды. Оның әріптестері мәметовалық Динара Сұлтанғалиева (7-сынып жетекшісі) І, құсайыновтық Лунара Сансызбаева (4-сынып жетекшісі) ІІ, бабажановтық Мергүл Рамазанова (4-сынып жетекшісі) мен жексенбаевтық Фариза Әжіхановалар (7-сынып жетекшісі) ІІІ орынға ие болды.

Сондай-ақ, «Үздік презентация» аталымын жәнекешевтік Данагүл Ғарифоллина (3-сынып жетекшісі) еншілесе, масиндік Айдана Жәдігерова (5-сынып жетекшісі) «Тапқыр сынып жетекші» атанды. Сағырбаевтық Айымгүл Жапаева (5-сынып жетекшісі) «Үздік әдістемелік жинақ» атылымын иеленуге лайық деп танылды.

Гүлімжан МАХМУДОВА,

 мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар