«Орда жұлдызын» жас кезімнен бері оқып келемін. Одан ауданда болып жатқан өзгеріс-жаңалықтарды, ағайын-туыстың хабарын біліп, бет-жүзін көріп отырамын. Соңғы кезде өткір тақырыптарға бара бастады.
«Орда жұлдызындағы» өзгеріс, жаңашылдық бәрі көз алдымда. Қазіргі таңда ауыл-аймақта болып жатқан жаңалық-өзгерістерді жедел берумен қатар қоғамдық өмірдегі ахуалды салмақтап, сараптап жариялап отыру керек-ақ. Газет елдің көзі, құлағы, түптеп келгенде, айнасына айналуы үшін журналиске де жүктелер міндет зор. Осы жолда «Орда жұлдызына» өзінің айтары бар, бет-бейнесін айқындаған газетке айналуына тілектеспін.