26.12.2019, 18:21
Қараулар: 599
«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ»

«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ»

Мен үшін 2019 жыл ыңғайлы және халқымыз үшін де жаман болған жоқ қой деймін. Туған топырақтан жеткен әр жаңалықтың орны ерекше. Жастардың жетістігін ғаламтордан оқып, төбем көкке сәл жетпей отырам. Бастысы – ел тыныштығы. Одан артықтың керегі де жоқ. Өзім еңбек етіп жүрген театрым биыл академиялық статусқа көтерілді. Ол мен секілді 53 жыл бойы осы өнер сахнасында шеберлігін шыңдаған актриса үшін үлкен қуаныш.

Елдің жақсы жаңалығына әр кезде елеңдеп, қуанып отырамын. Туған өлкеммен мақтанамын. Жетпіс жасқа толғандағы мерейтойым мен өнердегі жарты ғасырлық жолыма арналған шығармашылық кешімді «Туған жерге тағзым» деп атағаным да сондықтан. Жаңа жыл сендерге ырысты болсын, береке әкелсін!!! Әлі де сол топырақтан жақсылар мен  жайсаңдар шығатына  сенем.

Гүлсара РАШҚАЛИҚЫЗЫ,

Халықтар достығы орденді С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актрисасы,

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,

 «Құрмет» орденінің иегері