24.09.2020, 16:17
Қараулар: 500
ЖҰБАН ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚЫДЫ

ЖҰБАН ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚЫДЫ

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған «Мен қазақпын» атты онлайн байқау өткізілді.

Оған әр ауылдық округтен  14-35 жас аралығында  11 үміткер  қатысып, шайырдың мәңгілік мұрасынан  өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Айта кетелік, барлық қатысушының бейнежазбалары «Бөкей жастары» қоғамдық бірлестігінің  фейсбуктегі ресми парақшасына жүктеліп, оқырманның назарына ұсынылған болатын. Ақынның «Туған жер» өлеңін нақышына келтіріп қана қоймай, тыңдаушының жүрегіне жеткізе білген ханордалық Гүлхан Бораш жеңімпаз деп танылса, «Мен қазақпын» поэмасының үзіндісін  жалындата жырлаған  ханордалық Алтынбек Айғалиевке екінші орын бұйырды. Саралжындық Әйгерім Бекқали «Сағындым Жайық» өлеңімен  үздік үштікті түйіндеді.

Арай  ӘЖІҒАЛИ