12.10.2016, 17:41
Қараулар: 227
Тәуелсіздікке тарту

Тәуелсіздікке тарту

Аудандық Мәдениет үйінде өткен Ұялы ауылдық округінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертінің сахна шымылдығы тарих қойнауынан сыр шерткен Керей мен Жәнібек хандар тұсын бейнелеген көрініспен ашылды. Cондай-ақ талай боздақтарымызға жат жердің топырағы бұйырған Ұлы Отан  соғысындағы  батырларымыздың ерлігі, 1986 жылғы Желтоқан оқиғасы да ұмыт қалмады.

Сексенбай Өтәлиев шырқаған «Көк тудың желбірегені» әні жиналғандарды рухтандырып, оркестрдің сүйемелдеуімен шертілген Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі, Әсем Жапаеваның орындаған «Бипыл» әні бір серпілтіп тастады.

Бір айта кетерлігі, осынау оркестр құрамында округ әкімі Бақытжан Оразғұловтың  сырнайда өнер көрсетуі керемет әсер берді. Өнерімен ауданға танымал Сайлаубек Мұқтаров ағаның «Нарыным – мақтанышым» атты өз туындысы да көптің ықыласына бөленді. Ауыл көркемөнерпаздары  қосыла әуелеткен «Нұр» дуэтінің орындауындағы «Атамекен» әнімен әсерлі кеш тамамдалды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ұялылықтарға «Өнерлерің өрістей берсін!»- деп «Алғыс хат» табыс етті.

Г.ТҰРСЫНТЕГІ.